Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы 1-ші перинаталдық орталықта 2 аптада 3 мәрте ана өлімі тіркелді

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2018
  • 2911

Астанадағы №1-ші перинаталдық орталықта ана өлімі тіркелді. 26 жасар келіншек алғашқы сәбиін дүниеге әкелу кезінде қан кетіп көз жұмған. Бұл осы орталықта соңғы 2 аптада үшінші рет тіркелген ана өлімі. Ақпаратты бүгін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров растады. Ал аман қалған шақалақтардың денсаулығы бірқалыпты дейді ол. Перинаталдық орталықта  жыл сайын 12 мың әйел босанып, 5 мың күрделі ота жасалса да, соңғы жылдары мұндай жағдай болмаған. Соңғы екі аптадағы қайғылы жағдайды тәуелсіз сарапшылар да, тиісті органдар да тексеріп жатыр. Сондықтан әзірге мұнда әйелдерді босандыру ісі тоқтатылды. 

Камалжан Надыров, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

Аталмыш орталықта әйелдерді босандыру уақытша шамамен 10 күнге  тоқтатылды. Бұл тергеу амалдарына кедергі келтірмеуге және диагностика мен емдеуге кедергі болған барлық факторларды анықтау мақсатында жасалып отыр.  Қалада өзге де 3 орталық бар, сондықтан мерзімі келген әйелдерге босануға еш қиындық болмайды. Орын жеткілікті.