Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде 134 мыңнан астам маман тапшы

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2016
  • 1496

Биыл елімізде 134 мың маман тапшылығы байқалады. Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төраға орынбасары Нұржан Әлтаев айтты. Сөзінше, ұйымдар арасында кадр тапшылығын анықтау үшін, арнайы сауалнама жүргізілген. Оның қортындысына сай, әсіресе сауда, қаржы және жылжымалы мүлік саласында 40 мыңға жуық маман жетіспейтіні анықталған. Ауыл шаруашылығы мен білім беру саласында да 20 мыңға жуық адам ауадай қажет. Құрылыс пен өндірістік кәсіпорындар да 12-13 мыңдай жұмыс қолын қажет етеді.

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

Біз жұмыс берушілер арасында кадр қажеттілігі қандай көлемде екенін анықтау үшін, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге үлкен жұмыс жасадық. Сауалнама өткізіп, 7026 ұйымнан сұрастырып, 134 мыңнан астам кадрлар керектігін анықтадық. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА