Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда маңындағы жерлер шаруа қожалықтарына берілмеуі тиіс

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2018
  • 2959

Астана маңындағы жерлер мал шаруашылығы үшін берілмеуі тиіс. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары республикалық маңызы бар қалаларда бұл заңға қайшы екенін айтады. Ал әкімдік мамандары Астанада мұндай мақсаттағы 15 мың гектар жер бар екенін айтады. Ал кезінде жер сатып алғандар не шаруашылықпен айналыса алмай, не тұрғызған үйлерін заңдастыра алмай жүр. Тұрғындарға қайтпек керек? Мамандар жоспары қандай? Тілшіміз Сабина Мәдиқызы тарқатады.

Сартай Ұзақбаев осыдан 10 жыл бұрын әкімдіктен 9 соток жер сатып алып, үй  салуға кіріскен. Бірақ сол кезде Көктал шағын ауданының әкімдігі заң бойынша үй салуға рұқсат қағаздары жоқтығын айтып, құрылысты тоқтатқызған.

Сартай Ұзақбаев, Астана қаласының тұрғыны:

Содан кейін 2011 жылы жер қатынасынан адамдар келіп, штраф салғызды бізге. Бағасын не помню 10 мрп сол кезде. Сосын не мақсатта деп едім, Сіздер жерді мақсатымен қолданып жатқан жоқсыздар. Бұл жерде сельхозугодие целевое назначение деді. Олар штрафовать етті. Содан кейін біз юрист нанимать етіп, міне одан бері 6 жыл юристер соттасып келе жатыр. Ешқандай результат болған жоқ. 

Үй салуға болмайтынынан бейхабар болып шыққан Сартай әділдік іздеп, сотқа да жүгінген. Судья күрмеуі қиын бұл мәселені "әкімдік шешсін" деген шешім шығарған. Айтуынша, ол іс аяқсыз қалған. Көктал шағын ауданында Сартай секілді баспаналарын құжат жүзінде бекіте алмай жүргендер көп. Ал әкімдіктегілер кадастрлық құны төлеп, жерді пайдалану мақсатын өзгертуге болатынын айтады. 

Айгүл Жақыпова, Астана қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

Дәл ауыл шаруашылығы жерлерінің бағытын құжат бойынша өзгерту кезіндегі ең басты проблема - бұл төлем ақысын төлеу. Өйткені ҚР  Жер қатынастарын реттеу заңының 9 бабы бойынша жергілікті бюджетке жердің бағытын өзгертуде кадастрлық құнын төлеу керек. Менің ойымша, жерге байланысты проблемалардың көбісі ақшаға келіп тіреледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер Астана елорда болмай тұрған кезде берілген. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандар республикалық маңызы бар қалаларда шаруа қожалығы болмауы тиіс деп отыр.

Жәнібек Урманов, Астана қаласы МКД Сарыарқа аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы:

Қазір Астананың аумағы үлкейді. Сондықтан шаруа қожалығына берілген жерлер Астана қаласына кіріп кетіп жатыр. Сол жерлерді былтырдан бастап жұмыс істеп жатырмыз. 20 шаруа қожалығы болса, сол 20 шаруа қожалығының 18-і уже қолға алынып, 18-і заңды мақсатта жерлерін заң жүзінде дұрыс қолданып жатыр.

Демек жер иелері жерді пайдалану бағытын өзгертіп, енді дүкендер, көпқабатты тұрғын үйлер салып жатыр

Сабина Мәдиқызы, тілшІ:

Мамандар қаладағы мақсатты пайдаланбай жатқан жерді анықтау үшін рейд жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде тиісті бағытта игерілмей жатқан 100-ге жуық жерді анықтаған. Олардың қожайындарына бас-аяғы 197 миллион айыппұл салынған. Сондықтан тұрғындар үйдің мақсатын өзгертпесе, айыппұл төлейді, ал заңды тұлғалар тіпті жерінен айырылып қалуы мүмкін.

Сабина МӘДИҚЫЗЫ