Қаржы министрлігі шығаратын құнды қағаздарға сұраныс АҚШ, Еуропа елдерінен болса, қазақстандық акцияларға Шығыс Азия қызығушылық танытып отыр. Астана халықараралық қаржы орталығы басшылығы осындай мәліметпен бөлісті. Бүгін Astana Finance Days ашылды. Бұл шара Қаржы орталығының тұсау кесері алдында бас қосу, негізі мәселелерді пысықтау алаңы.
Бұрын соңды Алматыдағы КАSЕ арқылы биржаға тек отандық копаниялар қатысып келген. Бұдан былай бәріне ортақ тізім. Шетелдік һәм отандық компаниялар Астана қаржы орталығына тіркеледі. Орталық Қытай акционерлерін тарту арқылы батыстың да қызығушылығын оятпақшы. Әрине, бұл бір ғана қаржы орталығының жұмысына байланысты емес. Жаппай инфрақұрылым, компанияылардың ашықтығы, табыстылығы бәрі, бәрі шетелден қаржы тартуға әсер етеді. Әзірге мемлекет шығаратын құнды қағаздарға қызығушылық басым. "Сенім арқылы жеке компанияларға да ақша салып, пайда табатындар қалыптастады", - дейді Биржа басшылығы.
Амина Тургулова, "АХҚО" биржасы басқарма төрағасының орынбасары:
Бүгінгі таңда негізі сұраныс мемлекттеік облигацияларға АҚШ; Ұлыбританяи Еуропалан Ал акцияларға келсек, Қасзқаитандық Гонконгтан, сондай ақ, бүгін Сингапурден келген өкіл Оңтүстік Азиядан қызуғышылар көп. Инвесторлар дамушы елдерге ақша құйып, табыс табуды көздейді.
КАSЕ ғана емес, Ислам даму банкі басшылығы да Алматыдан Астанадағы қаржы орталығына көшіп келді. Ұйым технология мен инновацияны дамытуға 500 млрд доллар грант бөлген. Astana Finance Days шеңберінде Transformers Roadshow өтті. Онда жастар стартап жобаларын таныстырды. 20-дан аса жоба тыңдалды. Бүгін іріктелгендер қаржылай қолдауға ие болып, өз жобаларын іске асыра алады.
Хаят Синди, Ислам даму банкі президентінің ғылым, технология және инновациялар жөніндегі бас кеңесшісі:
Жеңімпаз 3 мың доллар алады және жыл соңында Дждиддада өтетін ғылыми-инновациялық форумға жолдама беріледі. Ал жалпы қордан грант алу үшін шілденің соңына дейін жобаларды тапсыру керек.
Астана қаржы орталығында жұмыс істеуге 55 компания ресми тіркелген. Жыл соңына дейін олардың саны 100-ге жетуі мүмкін. Сарапшылар орталық отандық инвесторларға қаржыны сыртқа емес, ел экономикасына құюға мүмкіндік береді дейді. Ал, шетелдік инвесторлар үшін ағылшын соты кепіл деп сенеді.
Питер Морлей, Қаржы консультанты, Ұлыбритания:
Бұған
стартегиялық тұрғыда қараған жөн. Жемісін көруге асықпау керек. Ел экономикасына тек оң әсер етеді.
Экономиканы әртараптандыруға, елге шығыстан да, батыстан да ақша тартуға жол
ашады.
Айта өтейік, бүгін басталған Astana Finance Days
үш күнге жалғасады. 5 шілдеде президенттің қатысуымен Қаржы орталығының ресми
тұрде тұсауы кесіледі.