"Өзгеріп
жатқан әлемдегі әйелдер". Осы тақырыпты арқау еткен жиын нәзік жандылардың
мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Басқосуға Грузия, БАӘ мен
Ресейден де белсенді әйелдер келген. Шараны «Республикалық әйелдер кеңесі»
қоғамдық бірлестігі мен "Нұр Отан" партиясы жанындағы саяси
менеджмент академиясы ұйымдастырған.
Түрлі салада еңбек ететін әйелдердің
бойында көшбасшылық касиетті қалыптастырудың маңызы сөз болды. Саяси,
экономикалық өмірге қосқан үлесі де назардан тыс қалмайды. Қатысушыларға
қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрі жайлы бейнероликтер көрсетілді. Әйелдерді
саяси тұрғыда алға жылжыту, түрлі шешімдер қабылдаудағы ролін кеңейтуге ерекше
көңіл бөлінуде. Отбасы институтын, гендерлік саясатты жүзеге асыру - партияның
басым бағыттарының бірі.
Ханзада
Балтаева, "Республикалық әйелдер
кеңесі" ҚБ Астана филиалының төрайымы:
Біз қазақстандық әйелдің бет-бейнесін көрсеткіміз келді. Жетістікке өз күшімен жеткен және осы жолда қажыр-қайратын, күш-жігері мен уақытын аямаған
аруларымыз өте көп. Және олар біз өмір сүріп отырған қоғамның күнделікті
дамуына, жақсы жағына өзгеруіне тынбай үлес қосып келеді.