Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде "7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы ипотекалық заемдар беріле бастады

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2018
  • 4341

"7-20-25" бағдарламасы аясында ипотекалық несие беріле бастады. Шілде айы басталғалы пәтер алуға үш мыңнан аса өтініш түскен. Оның жетеуін банктер мақұлдап үлгерді. Бұл туралы Алматыда Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді. 

Ақышевтың айтуынша, екінші деңгейлі 7 банкпен келісімшартқа қол қойылған. Олар- ЦентрКредитБанкі, Еуразиялық банк, АТФ Банкі, Bank RBK, Ұлттық банк, Цеснабанк пен тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Астана, Алматы және Атырау қалалары үшін берілетін сома шегі 25 млн, өзге қалалар үшін 15 млн. теңге болып бекітілген. Бағдарламаның жүзеге асуын Ұлттық Банкпен бірге жаңа құрылған "Баспана" ипотекалық ұйымы қадағалайды. Ақпараттық сайт, тікелей байланысуға болатын Call-орталық іске қосылған. Жобаға бірқатар өзгерістер енгізілген. Отбасы мүшелерінің бірінде баспана болса да, ипотека алуға өтініш берген адам пәтер ала алады. Ең бастысы оның табысы мен төлем қабілетіне назар аударылады. Баспана алуға ниеттілер саны жағынан Алматы, Астана, Ақтау, Өскемен және Орал көш бастап тұр.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Бағдарлама аясында жылжымайтын мүлік нарығы жанданады деген үміт бар. «Баспана» компаниясы мен оператор банктер оның тетіктерін сауатты орындаса жоба сәтті жүзеге асады. Елбасы айтқандай, ипотекалық несиені алушы азаматтар жүрдім-бардым қарамауы керек. Әрбір тұтынушы өз жауапкершілігін түсініп, төлем қабілетін бағамдап  шешім қабылдағаны жөн.