Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да аспаннан белгісіз бөлшек құлады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2018
  • 4080

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданы аумағында аспаннан белгісіз бөлшек құлады. Елді дүрліктірге оқиға түнгі сағат 12 жарымда болған. Аспанда жарқ еткен үлкен жарық төменге құлдилай жөнелгенде тұрғындар шошыған. Белгісіз зат ауыл сыртына құлап жарылады. Ол жер отқа оранған. Өртті сөндіруге дереу аттанған ауыл тұрғындарына өрт сөндірушілер көмекке келген.

Специально ойластырылған сияқты ма, білмеймін, айналып-айналып шақ-шақ ұшты анау. Сосын ауылдың сыртына барып құлады, сол жерде жарылды. Жерге түскенде көк түтін болып аспанға дейін лаулап жанып жатыр. Қорықтық, үйіміз орнынан қозғалды ғой. Қорыққанда қандай, сыртқа атып шықтық сол кезде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, бұдан ешкім зардап шекпеген. Тұрғындар тек байланыс желісінің бірнеше рет істен шыққанын айтады. Қазір арнайы құрылған комиссия мән-жайды анықтауға кіріскен. Олар құлаған заттың не екенін айта алмай отыр. Мұны ғарыш қондырғыларының сынықтары деп санаған интернет қолданушыларының фото мен бейнежазбалары әлеуметтік желілерде кеңінен таралып жатыр.  

Бақытжан Ихсанов, БҚО ТЖД бөлім бастығы:

Қазіргі таңда комиссия құрылып жұмыстануда. Адамдарға зиян келтіре ме, келмей ме, ол нәрсенің жерге, шөпке зияны келуі жөнінде. Табылған нәрсе темір деп келеді. Былай форма жөнінде шар әлде шар емес деп айта алмаймын. Қалдығы қалған жерге түскеннен кейін. Аспаннан келе жатып түскенде жанып түсті, жерге келіп соғылған кезде сынды.

Айта кетелік, мұндай жағдай аймақта бұған дейін де болған еді. Осыдан 4 жыл бұрын Бөкейордасы ауданындағы Шұңғай аулында зымыран сынықтары құлаған болатын. Кейін бұл сынықтардың метеозымыранға тиесілі екендігі мәлім болды.