Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркиядағы ірі пойыз апатынан қаза болғандар саны 24 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2018
  • 2578

Түркиядағы ірі пойыз апатынан қаза болғандар саны 24 адамға жетті. Қайғылы хабарды ел премьері Реджеп Акдаг жеткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 338 адамға медициналық көмек қажет болған. Оның 124-і ауруханаларға жатқызылған. Бүгінде құтқару жұмыстары аяқталған.

Апатқа ұшыраған пойыз Эдирнеден Стамбулға бет алады. 362 жолаушысы бар көлік Текирдаг провинциясында жолдан тайып кетеді. Жексенбі болған оқиғаға жол төсемінің шөгуі себеп болған. Жолдағы ақау жаңбыр суынан кейін пайда болса керек.