Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда 6 айда мұнай өңдірісі 6,2 пайызға артты

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2018
  • 2896

Елде мұнай өндірісі артты. Жарты жылда 45,2 млн тонна мұнай өндірілген. Оның 36,5 млн тоннасы экспортқа шығарылған. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қара алтын өндірісінің көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,2 пайызға, экспорт 6 пайызға өскенін айтты. Мұнайды қайта өңдеу көлемі де артып, 7,7 млн тоннаға жеткен. Қашаған кен орнында 6,2 млн тонна, Теңізде 14,7 млн тонна, Қарашығанақта 6,3 млн тонна мұнай өндірілген.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Бірінші жарты жылдықта ішкі мұнай өнімдерінің нарығы тұрақты жағдайда және жанар-жағармай тапшылығы болған жоқ. Қазіргі уақытқа дейін ішкі нарыққа қажет ететін жанар-жағармай қалдықтары бір айлық қордың көлемі сақталуда. Көктемгі егістерге дизель отынын жеткізуге арналған кесте бойынша ауыл шаруашылығына 375 мың тонна көлемінде дизель отыны жеткізілді. Энергетика министрлігі тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысына сәйкес дизель отынының қажеттілігі толық көлемде орындалды.