Жапонияда
қара жаңбыр құрбандарының саны 150 адамға жуықтады. Жапондық NHK телеарнасының хабарлауынша, мұндай нөсерлі жаңбыр елде бұрын-соңды
болмаған. Қаза тапқандардың көбі
Хиросима мен Окаяма префектурасының тұрғындары. Жоғалған 70-ке жуық адам іздестіріліп
жатыр. Шелектеп құйған жауыннан сел жүріп, әп-сәтте адамдар өмірін жалмап
кеткен. Елдегі қайғылы жағдайға байланысты премьер-министр Синдзо Абэ шетелге
сапарларын кейінге шегерді. Жапония халқының қайғысына ортақтасқан Қазақстан
президенті көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.