Русский Сайттың толық нұсқасы

Таиландта үңгірде қалған балалар құтқарылды

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2018
  • 2785

Таиландта үңгірде қалған балалар мен жаттықтырушыны құтқару операциясы сәтті аяқталды. Қазіргі кезде зардап шеккендер тікұшақпен Чианграй қаласында ауруханаға жеткізіліп жатыр. Олар бірнеше күнге карантинге жабылады. Медбикелер ағзасы әлсіреген балалардың жұқпалы инфекция жұқтырған, не жұқтырмағанын тексермек. Сондықтан олар әзірге ата-аналарымен тек әйнек арқылы ғана кездесетін болады.

Еске сала кетейік,  23 маусымда 12 бала мен жаттықтырушысы бар футбол командасы Хуахани қаласының маңындағы тауға серуендеп жүргенде үңгірге кіреді. Бірақ аяқ астынан жауын жауып, үңгірді су басып, қамалып қалған. Іздестіру жұмыстарының тек 13 күні олардың аман екені туралы ақпарат тараған. Алайда құтқару ісіне шетелдік мамандар шақыртылып, ол бірнеше күнге жалғасқан болатын.