Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада алғашқы «татуластырушы судья» пайда болды

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2018
  • 2529

Астанада алғаш рет татуластырушы судья пайда болды. Ол талап-арызбен сотқа шағымданғандар ісін қарап, сотқа жеткізбестен дауды шешуге тырысады. Осылайша, Сингапур елінен енгізілген пилоттық жоба небары 5 ай ішінде шағымданушылардың 56 пайызын сотқа жеткізбей реттеуге мүмкіндік беріпті. Нәтижесінде сотқа баратын мыңдаған іс те азайған, тараптар да сот процесінен кейін бір-біріне өшпенділікпен емес, мәмілеге келіп, түсіністікпен қайтады екен.

Ақ-Тоты Әбдіқұлова, татуластырушы судья:

Төрт іс бойынша шақырдық бүгін түске дейін 9-дан бастап, төрт іс бойынша төрт медиативті келісім жасадық. Төрт тараптың бәрі бітімгершілікке келіп, татуласып кетті осы жерді. Талапкер талап-арыз бергенде мемлекеттік БАЖ сомасын төлейді. Ал, татуласқан жағдайда ол сома қайтарылып беріледі.

Бүгін тілшілерге Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотындағы жаңартылған жүйе көрсетілді. Барлығы тұрғындар ыңғайына жасалған дейді мамандар. Арнайы медиаторлар мен адвокаттар бөлмесі, ыңғайлы қызмет алу, жаңарған сот отырысы залдары да бар. Бір айта кетерлігі, онлайн режимде қызмет алу қарқын алған. Соған сай бұл жүйе де жақсара түсіпті.

Нұрсерік Шәріпов, Жоғарғы сот жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Басында енгізген кезімізде элекронды түрде сотқа жүгіну тек 5 пайыз болған. Біз насихаттауға көңіл бөлдік. Осының нәтижесінде бүгінде 92,7 пайыз сотқа жүгіну біздің жүйелер арқылы электронды нұсқада түсіп отыр.