Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда қыркүйек айында заманауи оқушылар сарайы ашылмақ

  • AstanaTV
  • 13 шілде 2018
  • 2655

Қызылжарда қыркүйек айында заманауи оқушылар сарайы ашылмақ. Өңірге жұмыс сапарымен барған мәжіліс депутаттары құрылыс барысымен танысты. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының іске асырылуын саралаған нұротандықтар білім саласына тоқталды.

Бүгінде аймақта бұл бағытқа мейілінше көңіл бөлінген. Биыл облыста 120 білім ошағын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, 900 балаға арналған су жаңа мектеп тұрғызу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, жаңа технологиялармен жабдықталған оқушылар сарайы салынып жатыр. 3 мың балаға арналған заманауи орталық балақайлардың интеллектуалды дамуына мүмкіндік бермек. Нысанда оқушылардың жан-жақты дамуына жол ашатын көптеген үйірмелер іске қосылады. Мәселен, робот құрастыру мен IT-сыныптары ашылмақ. Ел президентінің алға қойған мақсаттарының жүзеге асырылуын байқаған "Нұр Отан" партиясының мүшелері аймақтың әлеуетіне оң баға берді.

Мұхтар Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бұл жерге 3 мыңдай бала келіп, көптеген үйірмелерге қатыса алады. Тіпті ауыл шаруашылығы саласына дейін әлгі жас агроном, жас мамандарды сол салаға қызықтырып тартатын үйірмелер ашылуда. Сондықтан осындай орталықтар көбірек салынатын болса, бұл өте жақсы бастама болар еді.