Русский Сайттың толық нұсқасы

Банктер экономикаға, ШОБ-қа несие беру жұмысын жандандыру қажет - Нұрсұлтан Назарбаев

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2018
  • 2985

Банктер экономикаға, оның ішінде шағын және орта бизнес саласына несие беру жұмысын жандандыру қажет. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. "Мемлекет тарапынан банктерге айтарлықтай көмек көрсетілді. Банк жүйесін қолдау мақсатымен үш триллион теңге бөлінді. "Сонымен қатар, валюталық реттеу және Ұлттық банктің қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі заңнаманы қайта қарадық. Сондықтан банктердің экономикаға, соның ішінде шағын және орта бизнес саласына несие беру жұмысын жандандыру қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.