Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысының Елецк ауылында құстардың карантині енгізілді

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2018
  • 4902

Солтүстік Қазақстан облысының Елецк ауылында карантин енгізілді. Бұл жайында облыстық ветеринария басқармасының өкілдері хабарлады. "Азиялық обаның" кесірінен ауылдағы 500-ге жуық тауық сойылған. Сала мамандары бұл вирустық аурудың жабайы құстардан немесе инкубаторлық жұмыртқалардан жұғатынын айтады. Елді мекенде құс пен оның жұмыртқасын сатуға шектеу қойылыпты. Айта кетейік, аталған дерт тек тауық пен күркетауықтардың арасында ғана тарайды. Құстың қалған түрлеріне және адамдарға ол аса қауіп төндірмейді, - деді ветеринар мамандар.

Берік Әлжанов, СҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушысы:

Құстардың ауруы тыйылды. 1.5 мыңнан астам тауыққа екпе жасалды. Қазір ауылда індетке қарсы жасақ жұмыс істеп жатыр. Аурудың бұл түрі үшін тұрғындарға өтемақы төлеу қарастырылмаған. Бүгінде Елецкінің маңайындағы барлық ауылдар бақылауға алынған.