Русский Сайттың толық нұсқасы

Шаруалар жаңғақ өсіруге ден қойды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2018
  • 2619

Түркістан облысы Түлкібас ауданы шаруалары жаңғақ өсіруді қолға алды. Бұл жайында мәжіліс депутаттарының өңірге сапары барысында белгілі болды. Депутаттар ат басына тіреген "Көктал" шаруа қожалығы 2004-ші жылы құрылған. Қожалық жеміс-жидек өсіріп және оны сақтайды. 30 адам тұрақты жұмыс істесе, маусымдық кезеңде 200 адам жұмылдырылады екен. Биылдан бастап, қарқынды бау егуге берілетін субсидия тоқтаған еді. Бұл-өнімнің өзіндік құны мен нарықтағы бағасының қымбат болуына тікелей әсер етеді,- деді шаруашылықтағылар. Дегенмен олар жер көлемін бос қалдырмау үшін енді жаңғақ өсіруді де қолға алыпты. Одан бөлек биыл бірінші рет алма жинайтындарын айтты.

Жадыра Жақып, «Көктал» шаруа қожалығының іс басқарушысы:

Алма бауын еккенімізге 2015 жылдан бері 3-ші жыл. Биыл енді өзі бірінші жыл урожай болып отыр. Общий көлемі 260 гектар алмамыз бар. Суармалы бәрі. Биыл енді 30-40 пайыз алма аламыз деп отырмыз.

Фахриддин Қаратаев,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Капельное орошениеге бізге субсидия беріп отыр, ал бауға бермей отыр дейді. Ол мәселенің біз келешекте заңдылығын қарастырып, мәселе келешекте шешіледі.