Русский Сайттың толық нұсқасы

Парижден 25 млрд теңгеге үй сатып алған қазақстандық кім екені белгілі болды

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2018
  • 2536

Парижден 65 миллион еуроға элиталы үй сатып алған қазақстандық кім? Қаржы министрлігінің өкілі оның иесі үкіметте жұмыс істейтінін жоққа шығарды. Баспана заңды жолмен сатып алынған, тіпті салығы да төленген көрінеді. Үй компания атында. Баспананы отандасымызға сатқан ресейлік инвестициялық компания иесі оның есімін атаудан да бас тартыпты.

- Все-таки не подтвердилось, что этот человек из Правительства?- Нет, не подтвердилось- Он бизнесмен?- Да бизнесмены.

Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап шамамен 13 млн-ға жуық қазақстандық тіркелген үйі мен мінген көлігі және қорасындағы малының санына дейін ресми жариялайтын болады. Ол кәмелет жасқа толған Қазақстан азаматтарына міндет. Ол оралмандар мен Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғандарға да парыз. Сондай-ақ мүлкі немесе қатысу үлесі бар кәмелеттік жасқа толмағандар мен Қазақстан аумағында мүлкі бар шетелдіктер де декларация толтыруы тиіс. Үйіңізде сақтаулы тұрған ақшаңыздың көлемі ең төменгі жалақы көлемінің 500 есесінен асып кетсе, банкте есепшот ашып, қаражатты сонда сақтауыңыз керек. Оның да көлемін көрсету міндеттеледі. Кіріс пен мүлікті жариялаудан жалтарғандарға алдымен ескерту беріледі. Кейін айыппұл салынбақ.

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

Декларацияны толтырудың екі мерзімі бекітілген. Қағаз жүзінде есеп бергісі келгендер 15 шілдеге дейін, ал электронды түрде декларация толтыратындарға 15 қыркүйекке дейін уақыт беріледі. Кәмелеттік жасқа толмаған, бірақ тіркеуде тұрған мүлкі бар тұлғалар үшін декларацияны ата-анасы немесе қамқоршысы жеке сәйкестік нөмір арқылы толтырады.