Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Жамалиев бостандыққа шықты

  • AstanaTV
  • 18 шілде 2018
  • 2356

Атышулы Қайрат Жамалиев бостандықта. Елді дүрліктірген "Әліби ісі" бойынша бизнесмен 13 жылға сотталған. Ақмола облысы Көкшетау қаласы сотының шешімімен Қайрат Жамалиевтың жазасы айыппұлмен алмастырылған. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитеті  хабарлайды. Сот шешімі биыл 23-мамырда күшіне еніпті. Осылайша Жамалиев кесілген жазаның небәрі үш жылын қамауда өткізді. Өтелмеген жылдары үшін 862 мың теңге  айыппұл төлеген.