Русский Сайттың толық нұсқасы

Мен бекіткен бағдарламалар жергілікті жерлерге жетпей жатыр - Н.Назарбаев

  • AstanaTV
  • 19 шілде 2018
  • 3017

«Мен бекіткен бағдарламалар жергілікті жерлерге жетпей жатыр». Үкімет басшысын қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп сынады. 2018 жылдың жарты жылдығы қорытындыланған кездесуде Президент шенеуніктердің халыққа деген көзқарасы өзгермегенін айтты. Шағын және орта бизнесті алға бастыру үшін барлық жағдай жасалып жатқанмен, олардың көлемі көтерілмей отыр деді мемлекет басшысы. Білім беру сапасы төмендеп кеткендіктен, түлектер Ресейдің жоғарғы оқу орындарын таңдап жатқанын да жасырмады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Істеп жатқан шаруалар, мен бекіткен бағдарламалар жергілікті жерлерге жетпейді. Қағаз жүзінде бір-бірімізге есеп берген кезде барлығы бар. Халық айтады, неге президенттің айтқан нәрселері жетпейді. Коммуналдық қызметтің бағасы өсіп бара жатыр деп айтады. Медициналық қызмет әлсіз, ЖОО мұғалімдердің деңгейі төмен. Балалардың білімі төмен. Президенттің бағдарламалары қабылданады. Бірақ та жетпейді елге.