Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда «Мұнай-газ ісі» мамандығы үлкен сұранысқа ие

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2018
  • 11088

Талапкерлер "мұнайшы" болуға асық. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі  Талғат Ешенқұлов осылай дейді. Былтыр "мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша диплом алғандардың 84 пайызы жұмысқа орналасқан. Министрлік пен "Атамекен" жастар арасында арнайы анкета жүргізу арқылы рейтинг жасаған. Оған қоса, 33 мамандық бойынша 114 ЖОО зерттеліпті. Көш басында орташа жалақы 250 мың теңгені құрайтын «Мұнай-газ ісі». Екінші шамамен 174 мың теңге табыс әкелетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы. Рейтингті «Тау-кен ісі» түйіндейді.

Талғат Ешенқұлов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Рейтинг не береді? Біріншіден, рейтинг бұл түлектерге, биылғы мектеп бітіріп, жаңа мамандықты таңдайын деп тұрған түлектерге бағдар береді. Яғни қай мамандықпен қандай ЖОО-да қалай дайындайтынын көрсетеді. Бұл баға тікелей жұмыс берушінің бағасы.