Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда кілемге орап тастап кеткен баланың жағдайы қалыпты, ал қылмыс ашылған жоқ

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2018
  • 3224

Алматыда көлік қағып, кілемге орап тастап кетті делінген баланың ісіне байланысты қылмыстың беті әлі ашылған жоқ.  Бір аптаға жуық уақыт өтсе де, қалалық ішкі істер департаменті жантүршігерлік оқиғаға кінәлі тұлғаларды әлі анықтамаған. Қалалық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаев күдіктіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеп, жақын күндері нәтиже болады деп сендірді. 

Ғазиз Нұрқаев, Алматы қаласы ІІД басшысының орынбасары:

Осы қоғамдық кеңестің отырысын пайдаланып, баспасөз арқылы қала тұрғандарынан көмек сұраймыз. Бұл қылмыстың бетін ашуға куәгерлердің ақпараты маңызды болып тұр. Десе де біз белгілі бір бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қарап отырған жоқпыз, жақын күндері бұл қылмыстық беті ашылады деп айтқым келеді.

Айта кетейік, оқиға 16 шілде күні Үлкен Алматы айналма жолының бойында болған еді. Алдын ала болжам бойынша, 5 жастағы Дінмұхамед есімді баланы көлік қаққан. Алғаш көрген адамдардың айтуынша, бүлдіршін ағаштардың арасында кілемге оралған күйінде табылған. Оның бас сүйегі зақымданып, дәрігерлер 3 сағатқа жуық күрделі операция жасады. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, науқас әлі реанимацияда. Бірақ бүгін есін жиған. 

Нұржан Исабеков, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Ол бала қазір өзінің есіне келді, сұрақтарға толықтай жауап бере алатын жағдайда. Егер бір-екі күнде жақсы болса, оны бөлімшеге ауыстырамыз. Ода мынау басының қатты жарақаты, операция барысында басының гемотомасын алдық.