Русский Сайттың толық нұсқасы

Д.Тенді өлтірген қарақшылар бұған дейін үш рет сотқа тартылған

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2018
  • 2803

Денис Тенге пышақ сұққан күдіктіні босатып жіберген астаналық полицейлер жұмыстан қуылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеріс бастады. Спортшының өлімінен соң араға 5 күн салып ІІМ-гі Тен ісіне қатысты арнайы брифинг өткізді. 1,5 сағат бойы журналистердің сан сауалына министрдің өзі емес, орынбасары жауап берді. Қалмұханбет Қасымов қайда жүр? Журналистер оны да сұрады.

Халықтың қабырғасын қайыстырған Денис Теннің қазасына қатысты қарама-қайшылықтар көп. Ұсталған екі күдіктінің де сөздері бір жерден шықпай жатыр. Чемпионды кімнің пышақтағаны да белгісіз. Бәлкім, содан болар, қоғамда қауесеттер қаптап кетті. Бес күн өткен соң ақыры Ішкі істер министрлігі оған жауап беруге шықты.

Рашид Жақыпов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-Вы, наверное, не сильно расстроены, что вышел я, а не министр.- Расстроены. Почему он не вышел? - Я объясню.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы іссапарда екен. Қай елде, қай жерде екені  айтылмады. Оынбасары 20-шілде күні Астанда соты болу тиіс күдікті Арман Құдайбергеновтің 19-күні Алматыдан қалай шыққанын түсіндірді. 11-шілдеде астаналық Сапар Шамшиевтің айнасын ұрлап ұсталған күдіктіге "қаладан шықпау туралы" айтылмаған. Оған қатысты "міндетті келу" деген шешім шығарылған. Белгіленген күні сотқа келсе жеткілікті деген сөз. Органдар жеңіл немесе орташа қылмыс болса, оны 15 күнде жедел аяқтауы тиіс. Және сотқа дейін күдіктіні қамауға алу да міндетті емес көрінеді. Бұл қылмыстық жүйені ізгілендіру бойынша енген өзгерістер,-дейді. 

Рашид Жақыпов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Құдайбергенов үш рет жауапқа тартылған Қызылорда облысында. Қиясов үшінші рет тартылып отыр. Екеуі де үшінші рет.

Қандықол қарақшылардың бірінен Дениске дейін зардап шекен астаналық Сапар Шамшиев қазір сұхбат бермейді. Полиция тиым салған. Бізге телефон арқылы өзі осындай хабарлама жіберді. Осы оқиғаға орай, Астанада қызметтік тексеріс басталды. Шенділер әлеуметтік желіні оқиды. Алматыда көлік бөлшектерін ұрлау қып-қызыл бизнес деген көптің ашу-ызасына да түсінік берілді.

Рашид Жақыпов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Біздің қызметкерлер көлік бөлшектерін ұрлағандарды қорғаштайды дегенді біз де оқып шықтық. Қазір тексеру жүргізіп жатырмыз. Ондай қызметкерлер анықталса, жауапқа тартылады.

Денис Тен трагедиясы қоғамды дүр сілкіндірді. Полицейлерге наразылардың қарасы көбейді. Құқық қорғау жүйесін өзгертуді, министрдің кетуін талап етіп жатқандар көп. Осы орайда белсенділер тамызда бейбіт митингке шығуды жоспарлаған. Бұған министрлік қарсы емес. Жауапты әкімдікке сілтейді. 

Рашид Жақыпов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Должно быть разрешение местных властей, если они разрешат, он будет проведён.

Мөлдір Бақыт-қызы, тілші:

Вице-министр қоғамда қылмысты азайтуға полицейлер ғана емес, әркім жауапты дейді. Мәселен, "қара базарда" арзанға сатылатын: ұялы телефон, алтын, көлік бөлшектері сияқты бұйымдардың ұрлықпен келетінін білсе де, жұрт бас тартпайды. Жаппай сатып алуға әзір дейді. Ал қылмысқа төзбеушілік осыдан басталады.