Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда көлік айнасының импорты артты

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2018
  • 2501

Қазақстанда автоайналардың импорты 32,5% -ға өсті. Қаңтар-сәуір аралығында көліктің артқы көрінісіне арналған айнаға қазақстандықтар 380 мыңдай доллар жұмсағаны белгілі болды. Өткен жылы 280 мыңдай долларға тауар алынған еді. Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, биыл Қытай өніміне сұраныс екі есеге артып отыр. Көрші елден 175 мың доллардың тауары жеткізілген. Өткен жылы 76 мың долларға автоайна алынған болатын. Ал Ресейден 99 мың доллардың, Жапониядан 35 мың доллардың өнімі әкелініпті. Қазақстандықтар биыл АҚШ-тың автоайнасына 13 мыңдай доллар жұмсапты. Кореядан 13 мың долларға тауар алып, импорт бір жарым есеге артқаны белгілі болды. Керісінше, Ресей мен АҚШ-тың көлік айнасына қазақстандықтар сұранысы төмендеген.