Русский Сайттың толық нұсқасы

Грецияда орман өртінен 50-ге жуық адам қаза тауып, елде ұлттық аза тұту күні жарияланды

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2018
  • 2598

Грецияда ұлттық аза тұту күні жарияланды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, елдегі орман өрті салдарынан 50 адам қаза тапқан.  Қайтыс болғандар саны әлі де өсуі мүмкін, себебі ауыр күйік шалып, ауруханаға түскендер бар. Жалпы алғанда 150-ге жуық адам зардап шеккен деген ақпарат тарады. Елдің Астанасы Афинадан небары 30 шақырым жерде тұтанған өрт сол маңдағы  демалыс аймағында демалып жатқандарға лап берген. Өрттің шығу себебіне күннің қатты ысуы себеп болды десе, біреу әдейілеп өрт қойған деген нұсқаларда қаралып жатыр.

Теңіздің тура қасымызда болғаны жақсы болды. Бәріміз суға қарай жүгірдік. Кейбірінің киімдерінің арқа тұсы жанып жатты. Жақын маңдағы суға жетіп құламағанда, бізде өлгендер қатарына енер едік.

Қазір өрт сөндірушілер басым күшті қауіпті аймақтарда қалған адамдарды алып шығуға жұмсап жатыр. Алайда, тілсіз жау кей жерлерге енуге мүмкіндік бермей отырған көрінеді.  Құтқару жұмыстарына әскери катерлер, әскери тікұшақтар,  меншікті моторлы қайықтар жұмылдырылған. Осыған дейін Греция Еуроодақтан көмек сұрауға мәжбүр екені айтылған. Бұл туралы тілшілерге елдің азаматтық қорғаныс қызметінінің төрағасы Спирос Георгеу мәлімдеген еді. Себебі өрт елдің астанасы Афинаға да, тұрғындарына да айтарлықтай қауіп төндірген. Қазір қала шетінде тұратын халық қауіпсіз жерге көшірілген.