Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанаға келушілер 50 пайызға кеміді

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2018
  • 2028

Астанаға алғашқы 5 айда 35 мыңнан астам адам келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға кем. Қалалық статистика департаментінің мәліметі осындай. Ал 5 айда елордадан 31 мыңға жуық адам кетіп қалған. Қалаға елдің аймақтарынан келетіндер көп. Өңірлерден 21 мыңдай адам келіп, 16 мыңы кері қайтқан. Астанаға көршілес облыстардан қатынайтындар көп. Олар әсіресе Ақмола облысынан келеді. Түркістан облысының тұрғындары елордаға келушілердің 14,2 пайызын құрайды. Сондай-ақ бас шаһарға Қарағанды мен Алматы, Шығыс Қазақстаннан келетіндер көп.