Денис Тенге «Халық қаһарманы» атағы беріле ме? Бүгін Алматыда қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қала тұрғыны Әлнұр Ильяшев осындай бастама көтерді.
Әлнұр Ильяшев, Алматы қаласының тұрғыны:
Мен Денис Тенге «Халық қаһарманы» атағын беруді талқыға салуды сұраймын. Ол өмірден өтсе де, артында үлкен із қалдырды. Денис полиция атқаратын, яғни қылмыспен күресте өзін батыл ұстады. Ол өзінің жеке мүлкін қорғап, әділеттілік үшін басын қатерге тікті. Сол үшін де қаза тапты. Ендеше ол «Халық қаһарманы» деген атқа лайық деп ойлаймын.
Қоғамдық
кеңес төрағасы Рахман Алшанов бұл бастаманы қолдайтынын айтты. Сондай-ақ қазір
Алматыдағы спорт кешендерінің бірін Денис Теннің атына беру туралы ұсыныс
талқыланып жатқан көрінеді.
Денис Тен 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы мен
Байсейітова көшелерінің қиылысында адам қолынан жараланып, ауруханада көз
жұмды. Бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлімімен іс қозғалып,
күдіктілер ұсталды.