Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан экономикасына банктердің кредит беру көлемі бір айда 0,9% -ға өсті

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2018
  • 2390

Қазақстан экономикасына банктердің кредит беру көлемі бір айда 0,9% -ға өсті. Ұлттық банктің дерегінше, маусым айының соңында ол 13 трлн теңгеге жуықтаған. Заңды тұлғаларды несиелеуге 8 трлнға жуық, ал жеке тұлғаларға 5 трлн жұмсалған. Маусым айында теңге несиесі 1,1 пайызға артыпты. Ал шетел валютасымен берілетін несиені негізінен заңды тұлғалар рәсімдеген. Ал халық сұранысы 3,9 пайызға кеміген. Маусымда берілген несие көлемі 1,3 трлн теңгені құраған. Бұл өткен айдан 34,4 пайызға жоғары. 80 пайызы теңгемен берілген. Бірақ шағын және орта бизнес өкілдерін несиелеу 3,2 пайызға, яғни 2,6 трлн теңгеге азайған. Бұл эконмиканы несиелеудің жалпы көлемінің 20,5 пайызы.