Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда білімділер сайысы өткізілді

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2018
  • 3817

Білгенге маржан... Оралда «Жас Отан» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен білімділер сайысы өтті. «Эрудит-2018» деп аталған инттеллектуалдық ойынға партия жанындағы «Жас саясаткерлер мектебінің» өкілдері мен қала кітапханашылары қатысты. Білімі мен тәжірибесін сынға салған командаларға ел тарихына қатысты түрлі сауалдар қойылды. Сонымен бірге Астананың 20 жылдық мерейтойы және Мемлекет басшысының кеңінен қолдау тапқан "бес әлеуметтік бастамасы да" қамтылды.

Ерлік Шамғалиев, "Нұр Отан" БҚО филиалы кеңесшісі:

Осы облыстағы кітапханалар мен "Жас Отан" жастар қанаты екіжақты меморандумға отырған болатын. Жалпы облыста өтетін шараларды жастар мен кітапханашылардың арасынадғы алтын көпір ретінде соларды жалғап, жастарды кітапқа баулу, сонымен қатар жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру бағытында ұйымдастырылып отырған шара. 

Мейірім Болатқызы, кітапханашы: 

Өте тамаша, өте қызықты. Біздерге өте қатты ұнап жатыр. Білмеген сұрақтар болды, әсіресе, мына логика жағынан. Расымен де, біз көбіне қазір дайын нәрсені ғана қабылдаймыз ғой. Ал мұнда бізге ой қорытуға, логикаға, сәл-пәл қиындау болып жатыр. Себебі ой қозғау керек.