Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы №1 перинаталдық орталықтағы аналар өліміне зерттеу жүргізетін израильдық мамандар 5-10-шы тамыз аралығында келеді

  • AstanaTV
  • 26 шілде 2018
  • 2752

Астанадағы №1 перинаталдық орталықта болған 3 бірдей ана өлімін зерттейтін Израиль мамандары тамыздың 5-і мен 10-ы аралығында келеді. Орталық басшысының міндетін атқарушы Ербол Әубәкiров шетелдік мамандар зерттеумен қатар, дәрігерлерге күрделі операциялар жасауда шеберлік сағаттарын өткізетінін айтты.

Қазір қайғылы жағдайдың себебін республикалық арнайы комиссия анықтап жатыр. Қорытынды тамыз айының ортасында белгілі болады. Босану орталығы басшысы қызметіндегі маман жүкті әйелдерді өлімге душар ететін қандай жағдайлар екенін айтты.

Ербол Әубәкiров, №1 перинаталдық орталық басшысының м.а.:

Сарапатаманы қарап өттік. Ана өлімі соңғы 3 жылда, осы биылғы жағдайды есептемегенде, жыныстан тыс және акушериялық жағдайдан тыс себептер мен басқа да буын жүйелерінің ақаулары себеп болып отыр деп есептелген тұжырымы.