Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаздың соңғы айында қазақстандықтар 10 күн демалады

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2018
  • 5883

Қазақстандықтар тамыз айында 10 күн демалады. Сенбі, жексенбіні қосқанда, осы айда бір күн артық демалатын боламыз. Алда үш күндік Құрбан айт мерекесі келе жатыр. Еңбек кодексіне сай, діни мейрамның тек бірінші күні ғана ресми демалыс болып саналады.

Ол 21 тамызға белгіленіп отыр. Аптаның сейсенбісіне сәйкес келеді. Сондай-ақ 30 тамыз - Ата заң қабылданған күн. Бұл күні жұрт жұмысқа шықпайды. Келесі күні яғни 31-ші тамызда үкімет қаулысына сай демалыс болып жарияланды. Бірақ 25 тамыз сенбі жұмыс күні болып бекітілді.