Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жаңа жаза түрі шықты

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2018
  • 4124

Педофилдер, адам өлтірген бұзақылар мен қарақшыларды ешкім де босатпайды. Гуманизиция бойынша бес мың адам түрмеден шығады деген ақпаратқа орай Бас прокурутара осындай түсінік берді. Қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру бойынша жаңа заң 31 шілдеде күшіне енеді. Елді біраз дүрліктірген құжатта жаңа жаза түрі бар. Енді сотталғандар қол қусырып отырмайды, қоғамдық жұмысқа жегіледі. Тілшілеріміз сотталып шыққандармен тілдесіп, оларды жұмысқа орналастыруда қандай қиындықтар барын да біліп келді.

Мөлдір Бақыт-Қызы, тілші:

Шулап жатқан гуманизация бойынша жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыс жасағандар ғана түрмеден шығады. Мәселен, оған алаяқтық, аз көлемде қаржы жымқыру бойынша екі жылға дейін сотталғандар ілігеді. Есепші-бухгалтерлер сияқты. Елде мұндай жеңіл қылмыспен қамалғандар саны 2,5 мың екен. Қатаң тәртіптегі режимнен 400 адам жеңіл режимге ауысады. Босап шығуға "үміткерлер" ісі сотқа жолданады. Яғни бес мың адам бір күнде босатылмайды. Прокуратура заңды оқымай, бекерге дүрлігеді деп белсенділерді айыптайды.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Сенсация үшін контекстен жұлып алған. Ауыр қылмысы үшін 5000 мың сотталушы дейді. Басбұзар, зорлық көрсеткен, адам өлтірген, террористерді ешкім де босатпайды.

Құжатта жаңа жаза түрі бар. Әлбетте соттардың қалауымен жылына 1000 шақты адам қоғамдық жұмысқа жегілуі мүмкін. 247-бапқа өзгеріс енді. Адам өліміне соқтырмаса, қылмыскер көше тазартып, құрылыс салуға "айдалады".

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Бұрын жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыс үшін, 4 жаза түрі кесілетін. Ол айыппұл, бостандығын шектеу, бостандығына айыру және  түзету жұмыстары. Көбісі айыпұл төлеп кететін, қамауға алу сирек болатын. Сондықтан қоғамдық жұмысқа тарту енгізілді. Ауыл, қалаларды тазартып, абаттандырумен айналысады. 

Реформа түрмелерді босату, үнемге көшу үшін де қолға алынған. 2015 жылдан бері 15 мың адам темір тордан босатылған. Оларды қоғамға бейімдеу үшін, түрлі мемлекеттік жеңілдіктер бар. Мысалы, жеке меншік кәсіпкер бұрын сотталған адамды жұмысқа алса, жалақының жартысын бюджет төлеп береді.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

В 2016 году приняли ряд поправок по гуманизации. Сегодня сокращение восьми колоний в год даёт 12 млрд тенге экономии, эти средства мы направляем на пробацию.

Мөлдір Бақыт-Қызы, тілші:

Айзада, Шымкентте жұмыспен қамту орталығына түрмеден босап шыққан 242 адам барды деген ақпар бар. Оларға қандай да бір көмек көрсетіле  ме?

Айзада Төребекқызы, тілші:

Иә, Мөлдір, оның 78-сі тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Солардың бірі - ерлі-зайыпты Нұрбол мен Күләш. «Бұзақылық» бабымен сотты болған екеу екі айдан бері орталық саябақтың тазалығы мен көгалдандыруына жауапты. Айтуларынша, олар соңғы бір жылда талай табалдырықты тоздырған.

Нұрбол  сотты болғаннан кейін көп жұмыс берушілер жұмысқа алмады. Өйткені сотты болғаннан кейін кейбіреулері сенбейді. Пробация арқылы біз осы жұмысты таптық. Өзімізге ұнайды. Екі айдан бері осы жерде жұмыс істеп жатырмыз. Жалақымыз айтарлықтай жоғары емес, ресми түрде 68 мың дейді. Жалпы жарымыз екеуімзге жетеді. Бірақ дегенмен де жалақымыз сәл жоғары болғанын қалайтын едік.

Қаланың көріктендіру жұмысына жауапты «Шымкент Жасыл қала» ЖШС-і басшылығы олардың жұмыстарына көңілі толады. Биыл жазасын өтеп шыққан алты адамға жұмыс берген. Бірақ соның үшеуі өз еріктерімен жұмыстан кеткен көрінеді.

Тәліпбек Әлжанов, орталық саябақ әкімшісі:

Мұндайларға біз қол ұшын беруіміз керек дер кезінде. Өйткені бұларға біздің көмегіміз керек. Ал енді бұларды біз өз құқықтарынан шектелген адамдар деп сыртқа қарай сырттата берсек, онда біздің  парызымыздың орындалмауы деп ойлаймын. Адами парызымыз - осындай кемшілігі бар адамдарға көмек беру. 

Айзада Төребекқызы, тілші:

Шымкент қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жалпы жыл басынан бостандыққа шыққан тағы 17 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберілген. Әсемгүл, сотталып шыққандар бұрынғы әдетіне баспас үшін Павлодарда қандай істер атқарылып жатыр? Қоғамдық ұйым өкілдері не дейді?

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Ия, темір тордан босап шыққандарға, ең алдымен ортаға бейімделуіне көмек қажет. «Ассеnt» қоғамдық қорының жетекшісі Алексей Журбиннің пікірі осыған саяды.

Алексей Журбин, «ACCENT» ҚҚ жетекшісі:

Түрмеден босап шыққандар үшін жинақылық ұғымы жат. Сондықтан, ең алдымен осы түйткілмен күресуіне көмектесу керек. Көбі алғашқы қиындықтарға дайын болмайды. Жұмысқа орналасса да, бірінші еңбекақыға дейін зорға шыдайтындарды көрдім. Яғни олар еңбектенуге дайын емес. Жұмыс істемеген соң, баяғы қылмыстық жолға қайта оралады.

Қоғам белсендісі кейбір адамдарды қолынан жетектеп жүріп, оң-солын тануға балаша үйретуге тура келетіндігін айтты. Алексей Журбин осы бағытта жұмыс істейтін білікті әлеуметтік қызметкерлердің тапшы екенін жасырмады.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Ал қалалық жұмыспен қамту орталығының ақпарынша, өңірде жазасын өтеп шыққандарды еңбекке тарту ісі жолға қойылған. Сотталғандар түзету мекемелерінің қабырғасында автоэлектрик, сантехник сынды мамандықты оқуға мүмкіндік бар. Ал, ниет білдіргендерге колониядан шыққан соң, еңбек нарығында сұранысқа ие 30-ға жуық вакансия ұсынылуды да жоспарлап қойыпты.

Әсемгүл МҰХИТОВА