Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада биыл 300-ге жуық велосипед қолды болды

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2018
  • 2841

Астанада велосипед ұрлығы өршіп тұр. Жарты жылда 300-ге жуығы қолды болған. Баукеспелер көбіне үй ауласы мен үй кіреберісіндегі көлікті ұрлайды. Полицейлер қылмыс жазда өршитінін айтып, рейд бастап кетті. Ал қала тұрғындарының әзірге үйге кіргізбеске амалы қалмай тұр. Велосипедтен айырылып қалмаудың жолы қайсы? Тілшіміз анықтады.

-Видите какой ремешок носим, этот замок тежелее велосипеда. Мне это рюкзак только для того, чтобы замок салып жүруге...

Бұл Гүлмира Құлыбекованың екінші велосипеді. Алғашқысын ұрлатып алғандықтан қорғаныш байлауын енді тастамайтын болған. Құны 100 мың теңгеден асатын жеңіл көлігін ұрылар үйінің кіре берісінен алып кетіпті. Баукеспенің бет-жүзі бейнебақылауға түсіп қалғанымен, құқық қорғаушылар оны таппапты. 100 шақырымдық жұмыс пен үй арасын жалғайтын жеңіл көліктің денсаулыққа пайдасы білетін дәрігер екіншісін сатып алуға мәжбүр болдым дейді.

Гүлмира Құлыбекова, қала тұрғыны:

Қазір енді велосипедті үйге кіргізіп, балконға қойып жүрмін. Неге десеңіз енді уже подъезге қоюға қорқамыз. Консьерж отырса да, камера болса да бәрібір алып кетеді. Кішкентай балалардың велосипедтерін алып кетіп жатыр. Сол енді күнде үйге кіргізіп, үйден шығарып жүреміз.

Жыл басынан бері Астананың өзінде 271 велосипед ұрлығы тіркелген. Құқық қорғаушылар оның 42-сінің ғана ізін суытпай ашқан. Негізінен подъезде және аулада тұрған көліктер қолды болған. Тіпті арнайы кодымен байланып тұрған жерінен шешіп әкеткендер де бар. 35 адам қоғамдық орынға қойылған ведосипедінен айырылған. Сондықтан полицейлер осы аптада рейдтік шараларды бастады.

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

Астана қаласының көлемінде соңғы осы айдың ішінде 14 велосипед ұрлығының алды кесілді. Сол ұрлауға әрекет жасап жатқан жерінен ұсталды. Егер де велосипедтеріңіз ұрланған жағдайда дереу полиция қызметкерлеріне хабарласу керек. Сонымен қатар велоспиедттің рамасында идентификационный номер, саны болады, соны бір жерге жазып қойсаңыз, ол да бір жақсы көмек болады.

Жазғы маусым кезінде өзгенің велосипедін қолды ету оқиғалары өрши түседі. Құқық қорғау органдары кәдімгі жеңіл көлік секілді енді, велосипедтің де кітапшасын бірге алып жүру керектігін ескертеді.

Мадияр Ботпаев, дүкен сатушысы:

Велосипед сатып аларда міндетті түрде сериялық номерді қарап оны кітапшаға енгізу керек. Жоғалған жағдайда сол арқылы табуға болады. Кітапшада әр велосипедтің арнайы номері болады. Сериялық номер велосипедтің астыңғы рамасында болады. Мына жерде. Цифрдің саны өндірушіге байланысты көлемі әртүрлі болады. 12-13 өндірушеге байланысты. Міндетті түрде велосипедпен оның паспорты жүреді. Онда номерді және аты-жөнін тіркейміз.

Ғалия Мұхамбетқызы, тілші:

Дүкен сатушыларының айтуынша биыл велосипед сатылымы артқан. Бұл Астанадағы веложолдардың жақсаруымен де байланысты болар. Сондай-ақ жақында автобус бағасының қымбаттауы да осы жеңіл көлікпен жүрушілердің санының көбеюіне әсер еткен сыңайлы.  

Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы