Солтүстік
аймақтарда күн +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қазгидромет осындай
хабарлама таратты. Ауа райы 31 шілде мен 2 тамыз аралығында құбылмақ. Осы
аралықта солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, қатты жел тұрады. Күн күркіреп,
бұршақ жаууы да мүмкін. Сондықтан ауа температурасы түнде 5-16 градусқа дейін
төмендемек. Ал басқа өңірлерде сынап бағанасы сақталғанымен, күн күркіреп, ақ
жауын болуы ықтимал.