Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар биыл автокөліктеріне VIP-номер сатып алуға 2 млрд теңге жұмсаған

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2018
  • 2327

Қазақстандықтар биыл автокөліктеріне VIP-нөмер сатып алуға 2 млрд теңге жұмсапты. Бұл өткен жартыжылдықпен салыстырғанда 3 есеге көп. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілі "Facebook" парақшасында жариялады. «Әдемі нөмерге» қызыққандардың көшін Алматы мен Астана қаласының тұрғындары бастаса,Түркістан облысы үштікті қорытындылаған. Аталған сомаға бас-аяғы 7 775 мемлекеттік тіркеу нөмері сатылыпты.