Таңертең ұшып кетуі тиіс Ақтау-Анталья чартерлік рейсінің жолаушыларының ішкен суларына дейін шығындары өтеледі. Сұңқар Эйр әуе компаниясының өкілі Талғат Жолдыбаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жолаушылар кешкі 10-да ұшаққа отырады. Рейс ұшақтың навигациялық бағытына жауапты компьютердің істен шығуынан кешіккен. Компания басшылығы оны ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Сондықтан жолаушылар басқа ұшаққа отырғызылмақ. Ал ұшудан бас тартқандарға компания шығындары өтеледі.
Талғат Жолдыбаев, «SUNKAR AIR» әуе компаниясының өкілі:
Әуе
комапаниясы жолаушылар шығынының барлығын өтейді, туроператорлармен де есептеседі.
Әуежайға бірнеше рет келіп-кеткен жолаушылардың таксиге, көлікке кеткен шығынын
өтейді. Күту кезінде әуежайда сатып алған суы үшін де ақы төленетін
болады.