Русский Сайттың толық нұсқасы

Торғай даласына тағы 36 құлан Алматы облысынан жеткізілмек

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2018
  • 6618

Тобыл - Торғай атырабы құландар мекеніне айналмақ. Облыстағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватына 36 түз жануары тікұшақпен жеткізіледі. Бұл жайында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мұрат Байділдин айтты. Күзде жиырмасын әкелмекші. Қалғанын келесі жылға жоспарлап отыр.

Инспекция маманы былтыр 9 құлан Торғай даласына жіберілгенін айтты. Олар тез бейімделіп кетті дейді. Сондықтан қорқуға негіз жоқ деп отыр. Құланды тарихи мекеніне жерсіндіру жобасын «Қазақстан биоәралуан түрлілігін сақтау ассоцияциясы» жүзеге асырып жатыр. Игі бастамаға Норвегияның биологиялық зерттеу институты қаржылай қолдау көрсеткен. Жоба 3 жылға жоспарланыпты. Осы уақыт аралығында Торғай жеріне 45 құлан жеткізілуі тиіс. Түз тағылары Алматы облысы «Алтын емел» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағынан әкелінген. Жобаның мақсаты - құландарды тарихи отанына қайтару. Осыдан екі ғасыр бұрын керқұландар Торғай атырабын мекендеген, - дейді Мұрат Байділдин.

Мұрат Байділдин, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:

Құландар бейімделгеннен кейін қоршалған аумақтан табиғи ортаға жіберілді. 3 сәуір күні жіберілді олар. Спутниктік құрылғы арқылы күнде кешке жақын, мысалы, ақпарат алып, қай жерде жүргенін қарап отырады.