Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Нобель сыйлығының иегерлерімен кездесті

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2016
  • 1262

Мұнай-газдың және өзге де табиғи ресурстардың құны қымбат болған заман келмеске кетіп бара жатыр. Және Қазақстан үшін бұл үлкен сын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Нобель сыйлығының иегерлері және  халықаралық ұйым басшыларымен кездесуінде осылай деді.

Дегенмен Қазақстан дамудың баламалы жолдарын іздеп жатыр. Экономиканы әртараптандыру үшін қор жинап алып, индустрияландыру бағдарламасын қарқынды жүргізіп жатырмыз, деді Президент. Әлемнің қарқынды дамып жатқанын және экономикаға әсер ететін геосаяси факторларды да тізіп өтті.

Нобель сыйлығының иегерлері арасында Томас Сарджент, Кристофер Писсаридес, Эдвард Прескотт сынды тұлғалар болды. Өз кезігінде олар жаһандық саяси-экономикалық даму, қаржы жүйесінің келешегі, халықаралық өзекті мәселелерге қатысты пікірлерін айтты. Және елімізде болып жатқан реформаларға қатысты әсерлерімен бөлісті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ