Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғарғы оқу орындарында сырттай оқу тоқтатылып, студенттер қашықтықтан оқытылмақ

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2018
  • 9984

Жоғарғы оқу орындарында сырттай оқу тоқтатылады. Білім және ғылым министрлігі заң бойоынша ол келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап енетінін мәлімдеді. Мұны көбіне жақтағандар табылды. Ал бұған дейін сырттан білім алып келген студенттер оқуларын аяқтай ма? Сырттай білім алғысы келгендерге қандай балама ұсынылады? Тілші тарқатады.

Қазір елде Жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан 534 мың студент бар. Олардың арасында доктарантура мен магистратурада оқитындар да бар. Оның 16-17 пайызы сырттай білім алады. Ол шамамен 84 мың студент. Биыл оның саны артады.  Бірақ олар ескі жүйемен оқуларын аяқтайтын болады. Сырттай оқу бөлімі жабылғанымен, ол түбегейлі жойылмайды.

Бану Нұрбекова, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім департаментінің орынбасары:

Жалпы шетелдік тәжірибені алатын болсақ,  жұмыс істейтін жастарға  осы парт-тайм дейді мемлекеттік стандарттарға сай барлық кредиеттерді игере отырып, бірақ өзінің уақытына сәйкес ол әрбір кредиетті белгілі өзінің жағдайына қатысты бөліп-бөліп алуына мүмкіндік алады. Бірақ бұл оқудың өзі қашықтан оқыту технологияларын кеңінен қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Түркістан облысындағы ата-аналар комитетінің төрағасы сырттай оқыту жүйесіне үзілді-кесілді қарсы. Соңғы уақытта білімі төмен оқушылардың артуына осы себеп деп отыр. Бұған дәлел келтірді. Сайрам ауданындағы мектептердің бірінде емтихан тапсырған сыныптағы 9 оқушының барлығы есеп шығара алмаған.

Әнуарбек Бейсе, Түркістан облысы ата-аналар комитетінің төрағасы:

Тексерген кезде 36 мұғалімнің 28-і сырттай бітірген. Ал енді соған есеп шығартып көріңізші... көрдіңіз бе? Міне, жемісі. Сондықтан мен ата-ана ретінде және өзімнің көзқарасым жеке сырттан оқуды жабу керек. Жекеменшік университеттегіні немедленно жауып тастау керек.

Соның кесірінен жастарымыз болашағына балта шауып жатырмыз. Небір сырттан бітіріп келген апайларыңыз химиядан, физикадан, математикадан сабақ береді, қайтіп береді?!

Павлодардағы Еуразиялық инновациялық университет проректоры сырттай оқу бөлімін жабу шығын әкелмейді деп отыр. Олардан түсетін пайда жалпы кірістің 7-8 пайызын құрайтын көрінеді. 

Евгений Никитин, Еуразиялық инновациялық университетінің проректоры:

Бізде халықаралық гранттар көп. Оның ішінде академиялық мобильдік, лабораториялық базаны дамыту және басқа да позициялар қарастырылған. Яғни, біз университет бюджетін оқыту негізінде түсетін қаржы есебінде қамтымаймыз.  Мемлекеттік грант па, жоқ па, студент кассаға төлейді ме, маңызды емес. Біздің сырттан кіретін қаржылық көзіміз бар.

Сабина Мәдиқызы, тілші:

Білім және ғылым министрлігі биылдан бастап бағаны реттемейді. Ақылы оқу құнының бағасын әрбір ЖОО өзі белгілейді. Ол мемлекеттік грант құнынан төмен болуы да мүмкін.