Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарты жылда 2 мыңнан аса қазақстандық «Нұр Отанның» көмегіне жүгінген

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2018
  • 2607

«Нұр Отан» партиясының барлық бөлімшелерінде қоғамдық қабылдау комиссиясының мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады. Акция партияның «Кедергісіз келешек» жобасы атауымен 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бақыт Темірова "бағдарламаның басты мақсаты - көмекке аса мұқтаж жандардың өзіне тікелей көмек көрсету" дейді.

Айта өтейік, жарты жылдың ішінде 2 мыңнан аса қазақстандық «Нұр Отанның» көмегіне жүгініп, әрбір үшіншісінің мәселесі оң шешімін тапты. Енді партиялықтар мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын қадағалауға алды. Темірованың мәліметінде 30 мыңнан аса ғимараттың 3 мыңында мүгедек жандардың емін-еркін кіріп-шығуына жағдай жасалмаған. 

Бақыт Темірова, «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

Партияның орталық аппараты осы жобаны қайта қарастырып, жұмыстарды жалғастыратын болады. «Кедергісіз келешек» жобасы 3 бағыт бойынша іс атқарады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инклюзивті білім беру, оларды жұмыспен қамту және қолжетімділікті қамтамасыз ету.