Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңіріндегі кеншілердің жаппай астан улануына асхана жұмысшылары кінәлі екені зертханалық тексеру кезінде расталды

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2018
  • 2354

Тобыл өңіріндегі кеншілердің жаппай астан улануына асхана жұмысшылары кінәлі. Олардан сальмонелла бактериясы анықталған. Бүгін облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің өкілдері зертханалық тексеру қорытындысын жариялады. Асхана қызметкерлері медициналық тексерістен өткен. Бірақ мамандар адамның сальмонеллезбен ауыратынын тек зертханалық тексеру кезінде анықтауға болады деп отыр. Екі адам бактерияны тасымалдаушы болған. "Санитарлық тазалық талаптары сақталмағандықтан ауру ас арқылы кеншілерге тараған", - дейді мамандар.

Гүлім Досымова, Қостанай облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің бөлім жетекшісі:

Олар дәрігерлік көмекке жүгінбеген. Ауру белгілерінің байқалмауы жұқпалы індетті тасымалдаушы екенін көрсетеді. Асхана жұмысшылары санитарлық-тазалық талаптарын сақтамаған. Соның салдарынан азық-түлік арқылы кеншілерге жұқпалы дертті таратқан.

Жұмысшылардың жаппай улануы 24-ші шілдеде «Қазақстан Алюминийі» акционерлік қоғамына тиесілі Лисаковтағы боксит кен басқармасында болған. Асханадағы тамақтан ұшынған 45 кенші дереу қалалық және облыстық ауруханаларға жатқызылған еді. Қазір ауруханада 5 науқас емделіп жатыр. Қалғаны сауығып кеткен.