Қостанай облысында жер дауы ушығып тұр. Жергілікті билік үш жүзден астам кәсіпкерге берілген телімдерді тәркілемек ниетте. Кәсіп иелері бұған қарсы. Алайда әкімдік дауды сот арқылы шешуге кіріскен. Заңғар Санай сабақтайды.
Жергілікті кәсіпкер Бағила Тәтиева екі жыл бұрын әкімдікке өтініш жазып, кеңсе салуға жер телімін алған. Барлық құжаттары қолында. Кәсіпкер 446 шаршы метр аумақты қоршап, іргетасын қалау үшін 8 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсағанын айтты. Жер дауы шыққалы құрылысты тоқтатып қойыпты.
Бағила Тәтиева, кәсіпкер:
Жерді тәркілеу жөнінде сөз боп жатыр. Бірақ бір жыл бұрын жалдау мерзімін ұзарту жөнінде әкімдікке арыз жазғанда, еш кедергісіз бір жылға ұзартып берді. Сол тұста құрылыс аумағын, іргетасын, түгел суретке түсіріп арызға қосып жібердік. Биыл ақпан айында келісімшартты алдық. Үкіметтің қолдауымен кеңсе құрылыс сәтті аяқтаймыз деп үміттенеме.
Бұл Қостанайдағы жуырда ғана іске қосылған диірмен. Шетелдік инвесторлардың қаражатына салынған. Ал жер телімін жергілікті әкімдік берген. Енді прокуратура өкілдері телімді тәркілемек. Жаңа ашылған кәсіпорынның жұмысын қалай тоқтатамыз,-дейді диірмен директоры.
Олег Куртвапов, кәсіпкер:
Үкіметтен бір тиын алған жоқпыз. Бюджетте ақша жоқ дейді. Ал прокуратура өкілдері келіп жер телімін алып қоямыз деуі тіпті жығылғанға жұдырық болды. Жерді тегістеп, арнайы қондырғы орнатуға қыруар ақша жұмсалды. Жер телімінсіз су жаңа диірмен жұмыс істемейді.
Дәл осы тектес шағыммен облыстық кәсіпкерлер палатасына 300-ден аса кәсіпкер келген. Олардың жиырма алтысы бизнес нысанды салып, қолданысқа беріп үлгерген. Жүзден астамы жобалық-құжаттарды әзірлеумен жүр. 35 жер телімінің бос жатқанын анықтапты. Дегенмен палата өкілдері бірнеше жылдан бері әкімдікке хат жазып, жерді аукционы арқылы беру керектігін ескерттік дейді.
Самат Садуақасов, Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
Жер кодкесінде белгіленген әкімдік аукционмен де, аукционысыз да бере алады. Бірақ бізге ашық болсын деп, халық бәрі келсін, заңды болсын аукционда алу мүмкінідігі болсын деп, солай хат жазғанбыз. Бірақ әкімдік бізге хабар берді. Жағдайымыз жоқ. Ауцкионға ақша керек. Шығын. Бізде ондай жағдай жоқ. Сондықтан біз аукцион өткізе алмаймыз деді.
Бұл мәселеге қатысты жергілікті билік қысқа қайырды.
Алмат Досымхан, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
Аталған
іс-шара негізінен жергілікті билік пен прокуратура қызметінің әкімдікке жіберген
ұсынымы негізінде жүргізіліп жатыр. Әрине, бос жатқан, игерілмей жатқан жерлер
қайтаруға бағытталған. Енді қазір шу шығып жатыр - жерлерде өздерінің нысандарын
салып қойған кәсіпкерлер не істейді деген сияқты. Әрине, ол жерлер, нысандары
бар, жұмысқа қосылған жерлер бойныша сұрақ жекелей қаралып, билікпен тиісті
шешім қабылданатын болады.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының дерегінше,
жергілікті билік 14 бизнес өкіліне қатысты дауды экономикалық сотқа жолдаған.
Әзірге жалғыз шаруаның ғана арызы
қанағаттандырылыпты.