Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 1 млрд долларға дейін артады - ҚР СІМ

  • AstanaTV
  • 03 тамыз 2018
  • 5270

Ал Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы алдағы уақытта 1 млрд долларға дейін артпақ. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ат басын тіреген үндістандық әріптесімен кездесуінде айтты. Соңғы жылдары Астана мен Нью-Дели арасындағы қарым-қатынас жақсарған. Энергетика, логистика, ақпараттық технология, фармацевтика мен туризм саласында бірлескен жобалар іске қосылған. Қайрат Әбдірахманов кино саласына да ден қойды. Алдағы уақытта қозғалған мәселелер оң шешімін тапса, Қазақстан Үнді мұхитына да жол ашады.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Біздің елдер көліктік логистикалық салады ынтымақтастықты арттыру бойынша жұмыс атқаруда. Оның ішінде «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» теміржолының әлуетін пайдаланып, теңіз порттары арқылы Үнді мұхитына шығуға мүмкіндік туып отыр. 

LS порталының ақпаратынша, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 300 млн долларға жеткен. Бұл былтырғыдан 28%-ға жоғары. Қазақстан экспортқа көбіне шикізат өнімдерін жібереді. Оның ішінде шикі мұнай, күміс, фосфор және ферроқорытпалар бар. Ал Үндістаннан негізінен дәрі-дәрмек, шәй, киім, бетон және косметика өнімдері импортталады.