Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламентте «Жайылымдар туралы» жаңа заң жобасы таныстырылды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2016
  • 1693

Болашақта ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың еншісіндегі жайылымдық жерлер мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың қолданысына берілуі мүмкін. Бұндай нормалар Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының мүшелері әзірлеген «Жайылымдар туралы» заң жобасында қарастырылған.

Елімізде бар 188 млн гектар жайылымның небары 43 пайызы немесе 80 млн гектары ғана қолданылып отыр. Шалғайда орналасқан жайылымдарда мал жаю мүмкін болмағандықтан, елді мекендерге жақын орналасқан алқаптардың әбден тозығы жеткен, - дейді депутаттар. Айта кетейік, бұған дейін елімізде жайылым жерлерінің қолданысын реттейтін жеке-дара заң болған жоқ.

Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қорғалған жерлер, орман шаруашылығы жерлері белгілі қазіргі уақытта. 30 млн гектарға дейін бар. Олардың барлығы анықталады, шешіледі. Құзыретті органдар бар, оның барлығын шешетін болады, сосын барып жоспарлы жағдайда шешілетін болады. Тек келіп берсең де бер, беремесең де бер дейтін дүние болмайды.

Заң авторларының сөзінше, оның жобасын әзірлеуге үш жылдан артық уақыт кеткен. Жоспар бойынша жаңа заң көпшілікке келер жылы таныстырылады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ