Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысынан «алтын адам» табылды

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2018
  • 5090

Елде "алтын адам" табылды. Бұл жаңалықты белгілі археолог Зейнолла Самашев ашқан. Жағымды жаңалықты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. «Алтын адам» Шығыс Қазақстан облысындағы "Елеке сазы" қорғанында зерттеу жүргізген кезде табылған. Антропологтардың болжамынша, "алтын адам" - 17-18 жастағы бозбала. Біздің эрамызға дейінгі 8-7 ғасырға жатады. Бозбала өлген соң денесі шірімейтіндей майланған. Жерленген жігіттің әлеуметтік дәрежесі жоғары болғанын жанынан табылған заттар айғақтайды. Қорғаннан алтын шапан, алтын қылыш, қанжар, алтынмен зерленген аяқ киім және мойынға тағатын алтын әшекей табылған. Ал бұл бұйымдар адамның үздік екенін және оның дәрежесін көрсететін белгілер.