Қытай
жалпы құны 60 млрд долларды құрайтын АҚШ-тан импорталатын 5 мыңнан аса тауарға
5-тен 25 пайызға дейінгі тариф енгізгенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚХР-ның сауда
министрлігі хабарлады. Тауарлардың басым бөлігі
ауыл шаруашылық өнімдеріне, сондай-ақ химиялық заттарға, металлдарға және
олардан жасалған өнімдерге ұсынылған.
Бұған дейін Америка Қытайдан әкелінетін
мыңнан аса тауарға баж салығын енгізгенін мәлімдеген еді. Ал Қытай өз кезегінде аталған елді сауда
саласында бопсаламауға және сауда қақтығысының одан әрі ушығуына жол бермеуге
шақырды. Дегенмен Ақ үй тараптың мәлімдемесіне аса мән бермеді. "Қытай алдымен
әділетсіз сауда жасаудың салдарынан туындаған өзекті мәселелерді шешіп алуы
керек",- деді Ақ үйдің өкілі Сара Сандерс.
АҚШ президентінің экономика бойынша бас кеңесшісі Лоуренс Кадлоу Қытайды
экономикасы әлсіреп, валютасы құлдырап жатқан ел, сондықтан айтарлықтай зардап
келмейді деген сыңай танытты.