Шымкентке жаңадан 1 мың автобус сатып алынатын болады. Жыл соңына дейін соның 30 пайызын шаһарға жеткізу жоспарланып отыр. Қазақстанның даму банкі арқылы қаржыландырылатын автобустар тек Қазақстанда құрастырылуы шарт. Қоғамдық көлік құнының 15 пайызы ғана қала қазынасы есебінен өтелмек. Мұны біздің арна тілшілеріне үшінші мегаполистің жолаушы тасымалына жауапты өкілі айтты.
Жарқын Байдоллаев, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
85 пайызын лизингке алады да мемлекет, мемлекеттің қарамағында бір ТОО ашылады ЖШС жалпы оператор. Ол оператор біз жоспар қойып отырмыз, биыл 300 автобус, келесі жылы тағы 700 автобус, жалпы саны мыңға жеткізіп, сол автобустарды сублизингке әрі қарай береміз немесе тасымалдаушыларға жалға беретін боламыз. Олай істеудің мақсаты - тасымалдаушыларға қатты ауыр жүк салмай, өздерінің автобустарын жаңалау.
Жарқын Байдоллаевтың айтуынша, бұл қоғамдық көліктерді жаңарту туралы мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асқалы отыр. Ол шаһарда автобустарды жаңартудың әлі де баяу жүріп жатқанын жасырмайды. Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін биылдың өзіне 100 автобус келеді деп күтілген. Соның отызы қазір әлеуметтік маңызы бар бағыттарға, яғни қаланың сырты аумақтарына қызмет көрсетіп жүр. Өзгесі алдағы күзден қалмай жеткізіледі ,-деді басқарма өкілі. Үшінші мегаполис болған Шымкентте қоғамдық көлік қызметі саласында ілгерілеушілік бар, - деп қуанады жолаушылар. Дегенмен шешімін күткен мәселелер әлі де жоқ емес көрінеді.
Сәуле Тағаева, Шымкент қаласының тұрғыны:
Қаланың орталығындағы көшелерде жүретіндерге көңілім толады. Үлкендерге орын бер деп, сағатымен келеді. Сәл шет жаққа жүретін автобустар өте қиын. Жарты сағат болып кетеді арасы 10 минутта жүретіндер. Әсіресе сенбі-жексенбі күндері жұмысқа үлгере алмай қаламыз.
Ғалымжан Әбілқайыров, Шымкент
қаласының тұрғыны:
Час-пик кезде адам көп
мінеді. Нагрузка болмаса дейміз. Ал былайша жақсы ғой. Санын көбейту керек.
Жаңа автобустар алу керек қой негізі. Жаңарту керек қой. Шымкент мегаполис
болды ғой енді, жаңарту керек.