Осы
аптада хоккейден 9-шы Халықаралық турнир басталады. «Нұр Отан» партиясының
қолдауымен өтетін ҚР Президенті кубогының бұл маусымында 4 команда өнер
көрсетеді. 9-шы тамыз, яғни турнирдің
алғашқы күні, «Барыс-Арена» мұз алаңында сағат 14:00-де «Қазақстан құрамасы» мен «Нефтехимик» турнир кестесін ашады. Сол күні кешке 19:30-да жанкүйерлер «Барыс»
пен «Амур» командаларының кездесуіне куә болады. Ал жұма күні «Қазақстан
құрамасы» «Амур» ойыншыларын қабылдаса, 19:30-да «Барыс» пен «Нефтехимик» бақ
сынайды. 12-ші тамыз, жексенбіге жоспарланған ойындар 12:00-де «Нефтехимикпен»
пен «Амур» құрамаларымен өтеді. Турнирлік кестені 17:00-де «Барыс» пен
«Қазақстан құрамасы» аяқтайды.