Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық зағип жандар велосипедпен 5000 шақырымдық Парижге аттанды

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2018
  • 2417

Елде ерекше веломарафон басталды. Мұнда қазақстандық зағип жандар велосипедпен Парижге дейін 5000 шақырымдық жолды бағындырмақ. Ал олармен бірге тәжірибелі велошабандоздар да бірге аттанды. 

Бахтияр Базарбеков, «Астана-Париж» халықаралық веломарафон қатысушысы:

Веломарафонға қатысушылардың барлығы моральдық және физикалық тұрғыдан жүз пайыз дайын деп айта аламын. Біз биылғы марафонға  бір жыл бойы дайындалдық. Менің ойымша, біз бұл шара арқылы Астана мен Парижді бір-біріне жақындастыра түсеміз деген ниеттемін.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтіп жатқан велошеруде мүмкіндігі шектеулі жандар Парижге қос доңғалақты көлікпен жетуді көздеп отыр. Сондай-ақ олар жолда Ресей, Германия, Франция сынды 6 елден өтеді. Мұнда 12 отандасымыз Мәскеу, Берлин секілді 11 ірі-ірі шаһарда болып, спортшылармен, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесіп, халықтар арасындағы достықты нығайтуға өз үлестерін қосады. Ал шабандоздар Франциядан елге қыркүйектің ортасына қарай оралады.

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Денсаулығында кемшілігі бар азаматтар осындай спорт түрі арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосып жатыр. Мұндай спорттық шара ары қарай да жалғасын таба береді.

«Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта да мұндай шараларды әрдайым қолдайтын болады.