Әйгілі Пабло Пикассоның бірегей туындыларын өз елімізде тамашалауға тамаша мүмкіндік туды. 20 ғасырдың үздік қылқалам шеберінің 32 мүсін өнері бойынша жасаған еңбектері 66 бедерлі жұмыстарының түпнұсқасы Ұлттық мұражайға әкелінді. Бұл жұмыстары өте бағалы болып саналды. Өйткені олар суретшінің өмірінің соңғы күндері Валлористе жасалған дүниелер. Көрме Астананың 20 жылдығына тарту. Бейнелеу, мүсін, графика өнерінде жаңа әдістерді қолдануымен ерекшеленген француздық өнер иесінің сирек кездесетін туындыларының ішінде қыш бұйымдарының жиынтығы әкелінген. Астана мен қала тұрғындары көрмені қарашаның үшіне дейін тамашалай алады. Бағасы 1000 теңге.
Наталья Носова, көрме қонағы:
Осы көрмеге шақырылғанғаныма өте қуаныштымын. Мен үшін бұл маңызды. Ұлы шебердің туындыларын қызықтау - мен үшін құрмет. Оның туындылары теңдессіз.