Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы босану орталығында қайтыс болған 4 келіншектің өмірін сақтап қалу мүмкін емес еді - Израиль сарапшылары

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2018
  • 2761

Астанадағы босану орталығында қайтыс болған 4 келіншектің өмірін сақтап қалу мүмкін емес еді. Израильден келген дәрігерлер осындай пікірі білдірді. Өйткені құрсақ көтерген аналар денсаулығында кінәрат барын біле тұра бала көтерген деп отыр. Тіпті жүкті болған күннен бастап емханаға тіркеліп, дәрігерлер бақылауында болмаған көрінеді.

Наталья Мелех-Хедват, Израиль MVI медициналық орталығының бас директоры:

Біз ресми экспертиза нәжижесін айтатын комиссия емеспіз. Бірақ біз тәжірибесі мол сарапшылармыз. Бұл жердегі басты сұрақ: өлімнің алдын алуға болар ма еді? Бұл орталықтағы құрал-жабдықтарды, хаттамаларды және әйелдердің әлеуметтік жауапкершілігін ескере отырып, барлық 4 келіншекті де өлім аузынан құтқарып қалу мүмкін емес еді.

Ал аналар өлімін анықтау үшін арнайы құрылған республикалық комиссия тексеру қорытындысын 20-шы тамызда жарияламақ. Дәрігерлер  ана сүтін еміп үлгермеген сәбилердің жағдайы қазір тұрақты екенін айтты. Жетім қалған екі нәресте перзентханадан шығарылған. Ал қалғаны әзірге дәрігерлердің бақылауында бола тұрмақ. Шетелдік сарапшылар пікірінше, өзге елдермен салыстырғанда Қазақстанда ана өлімі аз. Елде жылдық көрсеткіш 5 пайызды құрайды. Ал Ресей мен АҚШ-та жүкті әйелдердің 15 пайызы бақилық болатын көрінеді.